15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №801

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 қыркүйек,  Астана, Үкімет Үйі «Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы №1363 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резерв­терін іске асыру жөніндегі 2012 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 1363 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.